«Қош бол, алтын ұям- мектебім»

25 мамыр Соңғы қоңырау мерекесіне арналып өткізілген

 «Қош бол,  алтын ұям- мектебім» туралы ақпарат.

2011 жылғы 25 мамырда барлық білім ұйымдарында оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік жиындар өтті. Биыл 11 мектеп түлектері аяқтағалы отыр.Мектеп түлектеріне арналған «Соңғы қоңырау» мерекесіне  аудандық энергосеть жүйесінің басшысы Сәкенов Р.С , ауыл әкімі Құрманғожин М.Қ. , ардагер ұстаздар Маймақова Қ.Қ. , Таймышева К.С., ЖШС «Ақбас» фирмасының директоры Рақымов Е.Е. шақырылды. Ауыл әкімі  Құрманғожин М.Қ. құттықтау сөз сөйлеп , түлектерге сыйлықтар табыс етті.Мектеп директоры Сүлейменов Б.С. өз құттықтау сөздерін арнап , мектеп оқушыларына оқудағы , спорттағы  және қоғамдық іс – шараларға белсене қатысқандары үшін мадақтамалармен , алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік бағдарлама сан қилы ойлармен  ерекшеленді.

Мектеп түлектеріне арнап , 1- ші сынып оқушылары да өздері дайындаған өлеңдерін, сыйлықтарын тапсырды.Ал , мектеп түлектері жас бүлдіршіндерге жылы лебіз сөздерін , сыйлықтарын арнады. Мерекеде ұстаздар , сынып жетекшілер және ата – аналар да жүректері лүпілдей соғып , алдағы кездесетін өмірдің үлкен сындарынан мүдірмей өтіп , қиындықтары жеңе білетіндеріне сенім артып, жүректен шыққан жылы тілектерін жеткізді.

Мерекенің соңы , Алтын ұя мектептерімен қоштасқан түлектердің орындаған «Вальс биімен» аяқталды. Мерекеге келген барлық қонақтар , соңғы қоңырауға арналған сынып сағаттарына шақырылды.

Соңғы оқу  жылына арналған іс- шаралар жоғары дәрежеде , жарқын

көңіл-күймен , қызықты , мазмұнды өтті.

Автор: А.М.Ташимова
Просмотров: 36
Дата создания: 9 июня 2011 г.
Дата редактирования: 9 июня 2011 г.