Сен және сенің құқығың

Рассмотренных обращений: 0
Не рассмотренных обращений: 0

"Намыс - 2014"
Автор: Мектеп әкімшілігі

Сен және сенің құқығың

2011-2012 жылының 15-25 ақпан аралығындағы  «Сен және сенің құқығың» атты республикалық онкүндік бойынша  Кенащы орта мектебінде өткізілген іс-шаралардың қорытынды есебі

Мектепте төмендегі құрылған жоспарға сай оқушылармен әр түрлі жұмыстар өткізілді.

 

 

 

 

Іс-шаралар

Жауапты адамдар

Сынып

Уақыты

1

«Сен құқығыңды білесің бе?»

      (ақпараттық көрме)

Жақсыбергенова Б.Ж. , Құлмағанбетова А.А.

1-11

15.02.

2

«Бала – ХХІ ғасыр байлығы» (лекция)

Мұқатова Ж.Ж., Ахметжанова А.Т.

7-11

16.02

3

«Жасөспірім және оны қорғау» (стенд)

Тәшімова Н.С.

1-11

16.02

4

«Ата – ана мен бала» (дебат)

Сүлейменов Б.С., Кешуова Қ.С.

8-11

18.02

5

«Мен және менің мемлекетім»

( суреттер көрмесі, плакаттар)

Жақсыбергенова Б.Ж., Баст. сыныптар мұғалімдері

1-7

20.02

6

«Менің қоғамдағы орным»

(пікіралмасу, мақала жазу)

Ағыбаева Ә.Қ., Шұқантаева Ж.Ә., Мақұлова А.Қ.

8-11

22.02

7

«Құқық және құқықтану» (дөңгелек үстел)

Тәшімова А.М., Құқықтану мұғалімі

9-11

24.02

 

   

    

Мектеп оқушылары «Мен және менің мемлекетім» атты сурет көрмесіне қатысты. Бастауыш сынып бірлестігі өте қызықты  «Сен құқылысың» деген фотомонтаж құрастырды. Ең жақсы сурет плакаттарды дайындық топ, 5 – сынып және 6 – сынып оқушылары салды. Жас суретшілер 2 – сынып, 4 –  сыныптарда аз емес. Өз суреттерінде балалар еліне, өз туған өлкесіне мақтанышын, сүйспеншілігін білдіру  арқылы көрсете білді

Кенащы орта мектебінде  оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып, заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу мақсатымен «Сен және сенің құқығың» атты  ақпараттық көрме өтті. Осыған орай, көрмелер ұйымдастырылды, көрмеде  құқыққа байланысты түрлі суреттер мен баптар көрсетілді. Балалардың өздері салған суреттері де ойдан шықты.                                                                 

                                            Өткізген мектеп тәлімгері:       Құлмағанбетова А.А

Ақпанның 16 жұлдызында «Бала – 21 ғасырдың болашағы»             атты лекция өтті.

Мақсаты: Коммуникативті өрісті дамыту, құқық ұғымының қодану әдісін тұжырымдау. Балалардың пікірін есепке алу.

     Бөлімдері:

1.   Сәлемдесу

2.   «Атомдар» - ойыны

3.   «Бала құқығы декларациясы»

4.   Слайд – ертегілер түрінде көрсетілді (балалар құқығы).

5.   Рефлексия

Барлығына балалар белсене қатысты және қызықты өтті.

Өткізген: Мукатова Ж.Ж., Ахметжанова А.Т.

 

        Ақпанның  24  жұлдызында 8-10 сыныптар аралығында   «Құқық және құқықтану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстел интерактивті тақтамен өткізілді.  «Жасөспірім және оны          

                                         қорғау» атты баяндама оқылды.

Баяндама барысында оқушылардың міндеттері мен әр түрлі мәселелер жайлы айтылды.  Оқушыларға әр түрлі сұрақтар қойылды.

Барлығы белсене қатысып, өз пікірлерін айтып ортаға салды.

Әр түрлі ситуациялық жағдайлар айтылды.

Әсіресе, 8-сынып оқушылары қызығушылықпен барлық сұрақтарға, жағдайларға өздерінің ойларын айта білді. Қорытындылай келе,   «Мектепте құқықтану пәні жүргізілсін, ол бізге қажет» деген оймен тоқталдық.

Әр бала өз құқығын білу керек. Әр азамат өмір сүруге, азаматтық алуға, оқуға, еңбек етуге, демалуға, спортпен шұғылдануға құқылы.

Сондықтан, өз құқығымызды білейік, қадірлейік!

 

Өткізген құқықтану мұғалімі: Тәшімова А.М.

Ақпанның 18  жұлдызында 8-11- сыныптар аралығында «Ата-ана мен бала» атты дебат өтті.

Дебат мақсаты бойынша: оқушылар 2 топқа бөлініп, бірі-ата-аналар рөлін,

екіншілері- балалар рөлін сомдап,

ата-ана мен бала арасында туындайтын әр түрлі сұрақтардан тұратын ситуацияларды талдап, өз пікірлерін айтып, мәселелерді ата-аналар мен балалар болып, әрбіреуі өздерінің құқықтарына сүйене отырып, пікір алысты.                                                                                                                                                                      Дебат  барысында мынадай тақырыптар өтілді: дискотека, мамандық, зиянды заттар, әскер, үйлену

Дебат соңында «Адамның бақыты — балада» атты баяндама оқылды. Баяндама барысында бала мен ата-ананың арасындағы міндеттері және т.б. мәселер туралы айтылды.  Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата-ана. Бала үшін үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Адамгершілік, бауырмалдық, татулық, қайырымдылық, әдептілік, инабаттылық сияқты қасиеттер — жанұяда тәрбие балаға сөзбен, теориямен дамымайды, үлкендердің үлгісімен сіңеді. «Әкеге қарап ұл өсер,шешеге қарап қыз өсер»  деді. Баяндама соңында өз баламызға мен сені жақсы көремін, мен сенімен біргемін. Бірге біз барлығын да жеңеміз! — деуді бүгіннен бастайықшы, құрметті ата-аналар!

Ақпанның  - 22 - күні «Менің қоғамдағы орным атты жоғарғы сынып оқушылары мен пікіралмасу және алдын ала дайындалған мақалалар оқылып, талқыланды».  Оқушыларға интербелсенді тақта арқылы « Ата- аналардың балалар алдындағы құқықтары мен міндеттері» атты слайд көрсетілді. Слайдты қолдана отырып окушылармен пікіралмасу, яғни әркім өз ойларымен бөлісті.

    Оқушылар пікіралмасуда мынадай тақырыптарда ой қозғады:

      *    Баланың туғандығын куәландыратын құжатқа  не жатуы мүмкін?

*    Баланың анасынан туғандығын анықтау қиындық туғызу мүмкін бе?

*   Азаматтық некеде немесе өзара некеде тұрмайтын ата-аналардан     

      туғандығын анықтау үшін қандай әрекеттер етілуі мүмкін?

*   Баланың құқықтары.  Балалар мүдделерін мемлекеттік қорғау.

 

Алмасудың соңында байламға келген негізгі шешім тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні баланың бақыты жанұяда және де, «Отан сүю отбасынан басталады» - деген шешіммен аяқталды.

Өткізген: Макулова А.Қ, Ағыбаева Ә.Қ, Шұқантаева Ж.Ә.

 

 

 


Просмотров: 1334
Дата создания: 16.03.2012
Дата редактирования: 16.03.2012

Интернет-ресурстың интерфейс тілін таңдап алыңыз

Выберите язык интерфейса Интернет-ресурса

Select the interface language of an Internet-resource




Интернет-ресурстың контент тілін таңдап алыңыз

Выберите язык содержимого Интернет-ресурса

Select the content language of the Internet-resource